Павлодарда көпқабатты 7 үйге жылу күнара беріледі
Павлодар қаласында 7 бірдей көп қабатты үйге жылу мен ыстық су күнара беріліп жүр. Себебі, жылу келетін камера шіріп кеткен. Оны күрделі жөндеу келесі жылға қалып отыр. Тұрғындар мен пәтер иелері кооперативі қыстан қалай шығамыз деп абыржулы. Әзірге күн жылы. Тоқ жылытқыштар қосып отырғандықтан суығы білінбейді.
Балшекер Мұқанова, пәтер иелері кооперативінің басшысы:
Жылу басталғалы 10 рет апат болып, ақау шықты. Тұрғындар сусыз, жылусыз қалды. Трасса ауыстырылған жоқ, енді соның зардабынан біз тағы қиыншылық көріп отырмыз.
Жансая Жанайдарова қала тұрғыны:
Төлегенде толық төлейміз. Бірақ аптасына бір рет минимум жылу мен ыстық су болмайды. Қазір енді күн кішкене жылы, ал, қыста не боламыз.
Павлодар қаласындағы жылу желілерінің 90 пайызы тозып тұр. Аталған 7 үйді қыстан алып шығу үшін қала әкімі арнайы шешім қабылдады. Бүгіннен бастап жылу құбырлары ауыстырылып жатыр.
Екатерина Байжұманова, «ПавлодарЭнерго» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің жетекшісі:
200 метр желіні ауыстырамыз. Диаметрі 325 миллиметрлік құбырлар салынады. Жоспардан тыс күрделі жөндеу жүргізуге қала әкімінің пәрменімен қаржы бөлінді. Осы жұмыстарды аяқтаған соң жылумен қамтуда мәселе туындамауы тиіс деп ойлаймын.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07