Қазақстан Еуропалық Одақтың ядролық қаруды таратпау және қарусыздану конференциясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Еуропалық Одақтың ядролық қаруды таратпау және қарусыздану конференциясына қатысты

14.11.2024

Қазақстан Еуропалық Одақтың ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі конференциясына қатысты. Брюссельде өткен халықаралық жиынға БҰҰ, Еуропа, АҚШ пен Азия елдерінің жоғары лауазымды өкілдері жиналды. Басқосуда еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин 2026 жылы өтетін Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың шолу конференциясына дайындық комитетінің екінші сессиясының төрағасы ретінде баяндама жасады.

Қазақстандық дипломат Шарттың тұтастығы жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті. Және жиналғандарға аждаһа қарудан алғашқы боп бас тартқан Қазақстанның тәжірибесін таныстырды. Конференцияға қатысушылар ядролық қарусыздану, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану проблемаларын талқылап, ядросыз әлем кеңістігін кеңейту қажеттігін баса айтты.

Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

Басқосуда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жайы да сөз болды. Бұл мәселе 2019-жылы біздің Президентіміздің бастамасымен көтеріліп, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын қабылдау арқылы бүгінде дәйекті түрде жүзеге асырылуда. Яғни, Қазақстан тек ядролық қаруды ғана емес, химиялық, биологиялық, радиоактивті қару, жалпы, қарусыздануға қатысты өзекті мәселелердің барлығына белсенді қатысып отыр.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу