Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасында маңызды келісім жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасында маңызды келісім жасалды

13.11.2024

Бакуде өтіп жатқан Дүниежүзілік климат саммитінде Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан президенттері үш елдің энергетикалық жүйесін интеграциялау жөніндегі стратегиялық келісімге қол қойды. Енді бұл құжатқа сай Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан өзара жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы серіктестер атанды. Мемлекет басшысы үшжақты келісімді айтулы оқиғаға балады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қою – Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ өңірлерінің үшжақты ынтымақтастығын дамытудағы маңызды кезең. Құжат елдеріміздің энергетикалық жүйелерін интеграциялау, сондай-ақ Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға экологиялық таза энергияны жеткізетін сенімді дәліздерді қалыптастыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұнда Қазақстан ірі транзит аумағы ретінде үлкен рөл атқарады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келісім үш мемлекет арасындағы бауырластық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді. Ал Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бұл келісім экономикалық мақсатты ғана көздемейді, бұл – болашаққа қосқан ортақ үлес деді.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу