Банктерде қауіпсіздік талаптары күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банктерде қауіпсіздік талаптары күшейтіледі

13.11.2024

Павлодардағы «Халық банкінде» болған ұрлықтан кейін Қазақстанның Ұлттық банкі банктер, ақша айырбастау пунктері және инкасаторлық қызметке қойылатын қауіпсіздік талаптарын күшейту бойынша жаңа шешім қабылдады. Бұдан былай ақша және бағалы құжаттар мен заттар сақталатын бөлімшелердің едені, қабырғасы, төбесіне дейін бетон құйылып, темірмен қапталады. Халықаралық стандарттарға сәйкес сейфтер орнатылады. Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын «Халық банктің» Павлодардағы бөлімшелерінің біріне ұры түсті. Күдіктілер кинодағыдай түнде жертөле арқылы қабырғаны бұзып кірген. Сол тесік арқылы тура VIP-клиенттерге арналған ячейкаларды тауып, қолма-қол ақшаларды үптеп кете барған. Ұрылар кемінде екі адам болуы мүмкін. Әзірге олар ұсталған жоқ.

Болат Аманбай

Хабарламаларға жазылу