Қостанайдағы жұмысшылар 10 ай бойы жалақы ала алмай жүр
Қостанай облысындағы «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының екі жүзге жуық жұмысшысы 10 айдан бері тиесілі еңбекақыларын ала алмай жүр. Жалақы бойынша жалпы берешегі 230 миллион теңгеге жеткен. Бір кездері іргелі кәсіпорынның қазір жағдайы мүшкіл. Қарызға белшеден батқан. Бұл шаруашылық ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының қарауында болғандықтан, жергілікті билік шарасыз күйде. Тек ескертіп, хат жазумен шектеледі. Жақында ұлттық аграрлық орталық басшылығы қараша айының аяғына дейін жалақы қарызын жартылай жабамыз деп уәде берген.
Ләззат Бисенова, «Заречное тәжірибе станциясы» ЖШС бұрынғы жұмысшысы:
Сауыншылардың үйлерінің светі, газы бәрі сөндірілген. Ақша жоқ, төлейтін жоқ. Отыр мұздай үйде. Директордан келіп сұрап жатырмыз ақша. Ол бізге жоқ дейді. Зейнетақы жарнасы үш жыл төленген жоқ. Ауруханаға барсаң, қарамайды.
Қайрат Әбішев, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары:
Бұл жерде жаңа НАНОЦ-тың басшылығымен келісімге келдік. Осы 25 қарашаға дейін 100-120 миллион теңге қаражатты мынау жиналған егіндікті сатып, майлы дақылдарды сатып, жалақыларын жабатын болды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17