Қарағандыда «Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясы өтті
Қарағандыда ерлігімен көзге түсіп, бүгінгі күннің батырына айналған полицейлер мен Ұлттық ұландықтар марапатталды. «Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясына еліміздің барлық өңірінен ерен ерлігі ел ауызында жүрген жандар жиналды. Тәуелсіздік жылдарында елімізде қызметтік борышын өтеу кезінде 819 тәртіп сақшысы қаза тапты. Соның 92-і аса қауіпті қылмыскерлердің қолынан көз жұмған. Петропавл қаласынан келген Бахтияр Досжанов мұндай шараның жас ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор дейді. Ол биыл 5-ші қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалған.
Бахтияр Досжанов, Петропавл қаласы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы:
Өзімнің өміріме де қауіп төніп тұрды, қыздың өміріне де қауіп төнген еді. Ерлік жасаймын деген ойымда болған жоқ. Жұмыстағы міндетімді атқарып, адам өмірін құтқарып қалдым.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты
20.07.2026, 14:57
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06