Ақтауда қалаға ауыз су сағатпен беріледі
Ақтауда ауыз суыз мәселесі күннен-күнге қиындап барады. Бұған дейін су жазда тапшы еді. Енді қаланың тең жартысына ауыз су сағатпен ғана беріледі. Аягөз Оралбайқызы мәселені зерттеп көрді.
20-шағын ауданның тұрғыны Маржан Көнееваның пәтерінде ала жаздай су болмаған. Ал қазір ауыз су 2-3 сағатқа ғана беріледі. Сол кезде ыдыстарға жинап алады. Бірақ ол жетпей, дүкеннен сатып алып отыр.
Маржан Көнеева, Ақтау қаласының тұрғыны:
Әлі күнге дейін су жоқ үйімізде, су тасып әкелуге мәжбүрміз. Жақында туған15 күндік нәрестем бар, оны да жуындыру қиын.
32-шағын ауданда жағдай тіпті қиын. Тұрғындардың айтуынша, мұнда ауыз су мүлде берілмейді. Сол себепті оларға су көлікпен тасымалданады. Зылиха Айтекова су тапшылығы биыл қатты сезілгенін айтады. Жүріп-тұруы қиын зейнеткер тіршілік нәрін тасып ішіп отыр.
Злиха Айтекова, Ақтау қаласының тұрғыны:
Қала халқы өсті ме, су азайды ма, неге байланысты екенін біліп жатқан жоқпыз. Бірінші қабат болғасын, аяғым ауырғасын көшіп келіп едім. Ыстық суда жоқ.
Қалада шамамен 25 шағын ауданға ауыз су жетіспейді. Сондықтан «ОСЖТ-4» (ЦУВС-4) су жіберу торабы арқылы тіршілік нәрі таңғы және кешкі мезгілде ғана беріледі. Ал қалған уақытта судың қысымы төмендетіледі.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Аталған 25 шағын ауданды ауыз сумен толық қамту үшін күніне 20 мың текше метр су қажет. Алайда «ОСЖТ-4» (ЦУВС-4) су жіберу торабына қазіргі таңда тек 9-10 мың шаршы метр су келіп тұр. Қоймалардағы судың деңгейін түсіріп алмау үшін қысымды төмендетуге тура келуде.
Ал жауаптылар су меселесін біржола шешетін бірегей жобаның кешеуілдеп жатқанын жеткізді. Каспий су тұщыту зауытының қуатын 40 мың текше метрге жеткізгенде тұрғындар таршылық көрмейді деп сендірді.
Бердібек Қартбаев, Маңғыстау облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Осы айдың 20-сына дейін қосымша 5 мың текше метр су беруге мүмкіндік туындайды. Одан кейін аталған зауыттың қуаттылығы қосымша тағы да 5 мың, тағы 5 мың тәулігіне қосымша 15 мыц текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сол бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазір Ақтауға «МАЭК» мекемесі күніне 30 мың, «Ақтау» мен «Каспий» су тұщыту зауыттары 12 мың текше метр ауыз су беріп тұр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33