Шарын шатқалына шыныдан аспалы көпір салынады
Алматы облысындағы әйгілі Шарын шатқалына шыныдан аспалы көпір салынады. Бірегей жобаның құны – 1,5 миллиард теңге. Құрылысы келесі жылы басталып, екі жылдан кейін аяқталады деп жоспарланған. Жобаға инвестиция тарту көзделіп отыр. Шыны және металл құрылымдардан жасалатын көпірдің ұзындығы – 170 метр, биіктігі 80 метр және 500 адамның салмағын көтере алады. Құрылыс кезінде жергілікті тұрғындар үшін уақытша 120 жұмыс орны ашылады. Көпір қолданысқа берілгеннен кейін туристер ағыны артып, жыл сайын шамамен 65 000 адам келеді деп күтілуде. Әлемге аты шыққан Шарын шатқалы 154 шақырымға созылып жатыр, Алматыдан шығысқа қарай 195 шақырым жерде, Қытаймен шекаралас аймақта орналасқан.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09