Атырауда 92 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Атырау облысында 92 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Игерілмей және қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жерлеріне былтырдан бері бақылау күшейді. Ауқымды тексеру шараларының нәтижесінде бүгінге дейін 400 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Биыл 94 жер учаскесі конкурс арқылы беріліп, қайта игерілді.
Әлібек Ермекқали, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:
Егер шаруагерлер ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жердің 50 пайызын игермеген болса, оны мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізу басты себеп болады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 92 мың гектар жерді мерзімінен бұрын қайтардық.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17