Дәрігер: Биылғы тұмау пневмонияға тез айналады
Қазір еліміздің басым бөлігінде қар түсіп, күн суытты. Суықтан тұмау асқынып, респираторлық вирустық инфекциялар өршіп тұр. Әсіресе, балалар арасында тұмау кең таралып жатыр, - дейді дәрігерлер. Ал Қызылорда өңірінде күн суытқалы ЖРВИ-мен 12-мынан астам адам тіркелсе, басым бөлігі балалалар. Биыл таралып жатқан тұмаудың жылдам пневмонияға ұласып кететін қаупі бар дейді мамандар.
Раушан Құлжабаева, жоғарғы санатты интегративті бала дәрігері:
Балаларда биыл вирусты инфекцияның бактериалдық инфекцияға тез таралуы өте жиірек кездесіп жатыр. Яғни, қазіргі вирустық инфекция - асқынуға, пневмонияға акеліп жатқандар көптеп тіркеліп жатыр. Балаларда дене қызу жоғары болады. Катральды белгілер, мұрнынан су ағу, жөтел симптомдары қатты айқын белгілі болады.
Раушан Құлжабаева, жоғарғы санатты интегративті бала дәрігері:
Алдын алу жолдарының ең негізгі көздері осы вакцинада болып тұр. Ауырған күнде де, жалпы вирустық инфекцияның көрінісі ретінде, біз вирустарға қарсы қарапайым клиникалық протокол бойынша емдерді қолданып келеміз. Ал, егер асқынулар болса, сол асқынуға байланысты клиникалық көрінісіне қатысты қажетті ем-домдарды біз қосымша жүргізіп жатамыз.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13