Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті

11.11.2024

Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті. «Amanat» партиясы ұйымдастырған басқосуда ауыл тұрғындарының әл ауқатын жақсарту мен инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі талқыланды.

Қазір ауылына қарап әкімін танитын уақыт. Сондықтан, ел үмітін арқалағандар оны үлкен жауапкершілік пен міндет деп түсінгенде ғана нәтиже болады. Ауыл әкімдерінің басын қосып форум өткізудегі басты мақсат осы. Сәкен Малғаждаров Тарбағатайдағы Қабанбай ауылдық округіне әкім болғанына әлі жыл толмаса да біраз шаруаның басын қайырып үлгерген.

Сәкен Малғаждаров, Қабанбай ауылдық округінің әкімі:

Барлық ауылдар қазір жарық шаммен қамтамасыз етілген. Ойын алаңдары беріліп жатыр. Қазіргі уақытта барлық ауылда жарық шам тартылған жұмыстар жүріп жатыр.

Жүріп жатқан жұмысты ширату үшін әр әкімінің жоба-жоспары болуы тиіс. Бірақ барлық мәселе қаражатқа тіреледі.

Ержан Жылқыбаев, «Amanat» партиясының хатшысы:

Қазір бюджеттік кодекс жаңадан қаралып жатқан Салық кодексінде ауыл әкімдеріне мүмкіндік беру үшін бюждетін қарастырып жатыр. Былтыр сайлауда 20 өңірдің жол картасын қабылдадық. Сонда біз міндеттеме алдық. Әлеуметтік инфрақұрылымдар газ, су, соның бірі қазір іске асып жатыр.

Іске асып жатқан жұмыстың бірі - жол құрылысы. Биыл облыстық маңыздағы 600 шақырым жол жөнделді.

 Ермек Көшербаев, Шығыс Қазақстан Облысының әкімі:

Өткен жылға қарағанда биыл сол жолға бөлген қаражатты 2 есе көбейттік. Мердігерлер өз жауапкершілігін қарастырсын.  Келесі жылы ауылдағы сумен қамту және тұрмыстық мәселелерді шешу бағдарламасын бастау керексіздер.

Басталған жұмыстан нәтиже шығару үшін әрбір әкімге қатаң міндет жүктеледі. Ал облыста 2021 жылдан бері 124 ауылдық округ пен 2 ауданда әкім сайлауы өтті. Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан бұл саяси шара алдағы жылдары да жалғасады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу