Алыс ауылда жас өрендерді баптап, жеңіске жетіп жүр
Қазақстанда 700-ден астам мектепте спорт залы жоқ. Солардың бірі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Бірлестік ауылы. Спортпен айналысуға ешқандай жағдай болмаса да, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанат Мұқашев балаларды көптеген спорт түрлеріне баулып жүр. Аядай ғана бөлмеде жаттығатын оқушылар аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі болған. Білікті ұстаз өзінің жетістіктерін кәсібіне деген сүйіспеншілікпен байланыстырады.
Жанат Мұқашев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
Жұмыс орным міне осы, шағын ғана кабинет. Осында балаларды әрбір спорт түрлеріне үйретеміз. Спорт залдың жоқтығына қарамастан, жеке ұстанымым бар. Ешқандай қиындыққа мойынұсынбай, алға жетелеген арманға қол жеткізу деген. Міне, соның арқасында көп жетістікке жетіп отырмыз.
Ләззат Әленова, мектеп директорының орынбасары:
Жанат Болатбекұлы өзімнің оқушым. 30 жылдан бері әріптес болдық. Өте білікті, білімді маман. Талай-талай оқушыларды аудан, облыс көлемінде жеңімпаз қылып шығарған. Әлем чемпионын шығарсам екен деген мақсаты бар да. Енді оған да әлі жетер деп ойлаймыз.
Жанат Мұқашев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
Әрбір кәсіп иесі өзінің кәсібіне жанашыр болуы керек. Махаббаты болуы керек. Өйткені махаббат болмаса, кез келген нәрсеге адам құлшыныс танытпайды. Істеп жатқан жұмысыңыздың балаларға үйретіп, қабілетін шыңдап, ой-санасын бірге жетілдірсе, келер ұрпақтың жақсы ұрпақ болып қалатынына көбіміз жетіп жатса, ол адам үшін үлкен бір қуаныш.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04