Күн райының бұзылуына байланысты тағы бір өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, өткен түннен бастап Ұлытыау облысындағы Қызылорда-Павлодар тасжолының 433 пен 750-ші шақырым аралығында көлік қозғалысы тыйылған. Оған дейін, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында бірқатар жолдың бөліктеріне шектеу енгізілгені хабарланған еді.
Сондай-ақ Астана қаласының маңына қатынайтын автобустар да уақытша тоқтатылды. Атап айтсақ №315, 316 және 327 бағыттағы атобустар әзірге жолаушылар тасымалдамайды. Басқа бағыттағы автобустардың жұмысында өзгеріс жоқ. Ал, синоптиктер бүгін дауылды ескерту жасады. Олардың болжамынша, Астанадада қар жауып, боран соғады. Көктайғақ болуы да ықтимал. Еліміздің басқа өңірлерінде де осындай ауа райы күтіледі. Екпінді жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Нұрсұлтан Тілектес