Ресейде есірткімен ұсталған қазақстандықтар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде есірткімен ұсталған қазақстандықтар көбейген

08.11.2024

Ресейге жұмыс іздеп барып, түрмеге тоғытылған қазақстандықтардың саны артып барады. Жеңіл жолмен тез пайдаға кенелем деген олар опық жеп, қазір жазасын өтеп жатыр. Интернеттен жоғары жалақыға жұмыс іздегендер Telegram арналар мен сайттарға жүгінген. Красноярск өңірінен Индира Бегайдардың материалы.

Жалғыз ілікті Раиса Табалдиева ескірткі сатып, тезірек қарыздарымнан құтыламын деп ойлады. Тойға деп алған несиесін өтеуге шамасы жетпей, ақыры алаяқтардың құрығына іліккен.

Раиса Табалдиева, жазасын өтеуші: 

ОЛХ сайтынан жұмыс қарадым. Сатушының жұмысы көңілімнен шығып, хабарластым. Бұл орын бос емес, алайда сізге одан жа жоғары табысты жұмыс ұсынамыз. Бірақ психотропты заттарды тасуыңыз керек деді. Алғашында бас тарттым, бірақ олар жазып қоймады. Несие күні келгенде келісуге тура келді.

Раиса екі апта бойы тапсырыс берушінің айтқын істеп, ескірткі тасиды. Яғни, нашаны уағдаласқан жерге жасырып кетіп отырған. Екі аптадан соң Ресейдің Красноярск өлкесіне ауысуға, одан да жоғары табыс табуға ұсыныс түседі. Бірақ, екі айдан соң ұсталып, сегіз жылға сотталып кете барады.

Отандасымыз Надежданың да көздегені оңай олжа еді. Красноярскіге келіп, есірткі тасымалымен айналысқан оны екі күннен кейін ұстайды.

Надежда Попеску, жазасын өтеуші: 

Бір аптада 100-150 мың рубль табасың деп сендірді. Сондықтан үш айлық баламды тастап, Ресейге кеттім, сосын 100 грамм ескірткімен ұсталдым. Есірткіні ағаштардың арасына, парктерге қойып кететінмін. Оңай олжалы болғысы келетіндерге менің қатемді қайталамаңдар дегім келеді.

Айта кетерлігі, ескірті тасымалымен айналысқандардың бәрі жұмсаған адамдардың бет жүзін көрмеген, тек интернет арқылы байланысып отырған. Барлығы дерлік криптовалютамен есеп айырысқан.

Денис Степанов, Красноярск өлкесі бойынша Ресей ІІМ ММ есірткі айналымын бақылау басқармасы бастығының орынбасары: 

Красноярск өлкесі бойынша 2023 жылы құқық қорғау органдары есірткі сатумен, таратумен айналысқан 12 Қазақстан азаматы ұсталды. Биыл дәл осы баппен заң бұзған тағы 9 қазақстандық тұтқындалды. Олардың басым бөлігі интернет дүкендердің тапсырысын орындап, ескірті сатқан.

Былтырдан бері Красноярск өлкесінде ұсталған Қазақстан азаматтарынан 1,5 келі есірткі тәркіленген.

Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

Бұл өте күрделі мәселе деп есептеймін. Біз, елшілік мысалы, біздің бас консулдықтар да міндетті түрде біздің азаматтарымызға біз көмектесеміз. Бірақ РФ заңын бұзған кезде, ұсталған кезде, дәлелденген кезде, міндетті түрде біздің азаматтарымыз тұтқындалады.

Ресей заңдарына сәйкес есірткі сатқандар мен таратқандар өмір бойы бас бостандығынан да айырылуы мүмкін. Жазасын өтеп жатқан отандастарымыз елге экстрадициялауға өтініш берді

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу