Ақтауда экологтар жастарға дәріс оқыды
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдері студенттерге дәріс өткізіп, қоршаған ортаны аялауға шақырды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға оң септігін тигізді дейді мамандар. Маңғыстау өңірінде өткен сенбіліктерге волонтерлер мен студенттер белсене қатысты. Олар елдімекендерде көрнекті орындарды, облыс аумағындағы тарихи ескерткіштерді тазалап ондаған тонна қоқыс жинады. Айта кеткен жөн, болашақ экологтар соңғы екі жылдан бері «Жаһандық экология» пәнін оқып, өз білімін тереңдетіп келеді.
Сымбат Қойбақова, «Экология және геология» кафедрасының меңгерушісі:
Бұл пәннің ерекшелігі - ол жобалық форматта өтеді. Жобалық формат дегеніміз, яғни білім алушылар осы өңірдегі болып жатқан экологиялық мәселелерге өздерінің септігін тигізіп, сол бойынша жобаларын қорғап және шешу жолдарын ұсынады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06