Биыл Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына - 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына - 100 жыл

08.11.2024

Биыл Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына - 100 жыл. Қазақ әдебиетінің ұстазы атанған қаламгердің ғасырлық мерейтойы бүгін туған жері Арал ауданында атап өтілуде. Өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы тағылымды шарадан тікелей эфирге қосылуға әзір.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Теңізді өлкенің топырағында туып-өскен Әбдіжәміл Нұрпейісов қазақ әдебиетінде ғана емес әлем жазушылары мойындаған қарымды қаламгер. Бір ғана «Қан мен тер» триллогиясы 30-дан аса тілге аударылып, әлем әдебиетшілері жоғары бағасын берген. Оның сүйекті шығармаларының жиынтығы бір ғасырдың белесін бейнелейді. Аралдың аңыз тұлғасын жаңа қырынан ашу мақсатында ауданда алғаш рет халықаралық сурет симпозиумы ұйымдастырылды. 20-дан аса отандық және шетелдік қылқалам шеберлері теңіз бен жазушының өмірінен сыр шертетін сырлы бояумен салынған портреттерді көрермен назарына ұсынды.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Ғасырлық мерейтой аясында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің көзі тірісінде бой көтерген «Соңғы парыз» мемориалды ескерткішінде аудан өнерпаздары «Қан мен тер» трилогиясынан көрініс қойып, жазушының әдебиет үйі тың дүниелермен толықты. Сондай-ақ, жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып, Халық жазушысының есімі ардақталды. Студия..


Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу