75 мектеп заманауи қауіпсіздік жүйесіне қосылған
Көкшетауда полицейлерге 22 қызметтік көлік берілді. Жаңа темір тұлпарлар тұтастай заманауи құрылғылармен жабдықталған. Ақмола облысына барған Сенат депутаттары жергілікті полиция қызметінің материалдық техникалық базасын көрді.
Сондай-ақ, депутаттар қаладағы мектептердің қауіпсіздік жүйесімен де танысты. Өңірде 75 білім ордасында арнайы қондырғы орнатылған. Онда оқушылар туралы барлық мәлімет бар. Мектепке кіріп-шыққандар жайлы ақпарат жүйеде тіркеледі. Бейнебақылау камералары да тәулік бойы жұмыс істейді. Жыл соңына дейін дәл осындай қауіпсіздік жүйесі тағы 20 білім ордасына орнатылмақ.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Цифрландыру дамығаннан кейін барлық өңірде, барлық жерде әртүрлі бақылау камераларын пайдалану бағдарламалары бар. Соларды тарату, пайдалануын кеңейтіп, оны барлық құзырлы органдардың орталығына енгізіп, бір жүйеде болуын, бір-бірімен ақпарат алмасуын, жедел түрде әрекет жасау мәселесін көтереміз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі
04.10.2026, 19:50
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02