Бельгияда 25 мың адам ереуілге шықты
Бельгияда 25 мың адам ереуілге шықты. Үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына наразылық білдіргендердің дені медбикелер, дәрігерлер, қарттар мен мүгедектердің күтімімен айналысатын әлеуметтік қызметкерлер.
Шерушілер Брюссельдің басты көшелерін жауып, көлік қозғалысын қиындатты. Қызметкерлер жұмысқа шықпағандықтан елдегі бірқатар мемлекеттік мекеменің жұмысы ақсады.
«Маман жетіспейді, жүйкеміз әбден тозды», «Бізге ақша, көңіл бөл» деп ұрандатқан шерушілер биліктегілерден жалақыны көбейтіп, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауды талап етті.
Канэ Симонс, әлеуметтік қызметкер:
Біздің тамақ ішетін уақытымыз жоқ. Қарттар мен мүгедектер үйінің ортасында жүгіріп жүреміз. Жұмысшы аз, жүктеме көп.
Валентин Гомес, Кәсіподақ ұйымының жетекшісі:
Дәрігерлер, ауруханалар, ұстаздар бәрі құрдымға кетудің алдында тұр. Мардымсыз айлық түкке жетпейді. Үкімет үнемдей бермей, жұмыс орындарын, жалақыны көбейтсін.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17