Қызылорда облысының тұрғындары эко-марафон өткізді
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-марафон өтті. Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен қарапайым тұрғындар атсалысты.
Көпшілік «Жашыкөл» су айдынының айналасында шашылған қалдықтарды жинап, қураған шөптерді шапты. Сондай-ақ, осы көлге құятын каналдың екі жағалауынан қап-қап қоқыс шығарылды. Жалпы «Таза Қазақстан» эко акциясы басталғалы жаңақорғандықтар аудан орталығынан тыс 11 тарихи-мәдени орында сенбіліктер өткізіп, игі іске ұйытқы болды. Бүгінде осындай бастамаларға елдімекеннің жасы да үлкені де үн қосып жатыр.
Дүйсенкүл Жүнісова, аудан тұрғыны:
Тазалық бәрімізге міндет. Ол міндетіміз таза ұстау жан-жағымызды. Осы тазалық акциясына барша жаңақорғандықтарды, барша қазақстандықтарды шақырамын.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16