Еуропа елдері инклюзивті білімді дамытуға күш салуда
Еуропа елдерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың 90 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Сыныптағы жиырма оқушының үшеуі ерекше бала. Медициналық диагнозына байланысты оларға жалпылама, интенсивті және арнайы оқу бағдарламасы әзірленген. Мүгедек балалармен жұмыс істеу үшін мұғалімдер екі айлық арнайы дайындық курсынан өтеді. Сабақ кезінде оқушылардың үлгеріміне көмектесу үшін психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен арнайы орталықтың мамандары жұмылдырылған. Қазір қарт құрлық елдерінде мүгедектерге арналған арнайы мектептер жабылып, мүмкіндігі шектеулі балалаларды қоғамға бейімдеу жұмысы қызған.
Натан Пелигер, 9-сынып оқушысы:
Мұғалімнің көмекшісі жазуға көмектеседі. Мен сыныптастарым тарапынан ешқандай кемсіту көрген емеспін. Қайта олар маған үнемі қолдау көрсетіп, жігерлендіріп отырады.
Северин Мойэ, мұғалім:
Ерекше балалармен жұмыс істеу табандылықты талап етеді. Толерантты қоғам қалыптастыру үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеуді күшейтуіміз керек. Олар өзін ешкімнен кем сезінбей, бәрімен тең құқылы екенін түсіндіруге тырысамыз. Инклюзивті білімді дамыту әлеуметтік оқшаулануды азайтып, мүгедектердің экономикалық жағынан тәуелсіз болуына ықпал етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан – алып құрылыс алаңы
29.09.2026, 14:12
Елімізде 79 медициналық жоба іске асырылады
29.09.2026, 14:09
Өңір медицинасының мүмкіндігі артып келеді
29.09.2026, 13:59
Көкшетауда шетелдіктер де ем ала алатын аурухана салынып жатыр
29.09.2026, 13:57
Сырдария жағасындағы аурухана емделуге де,тынығуға да қолайлы болады
29.09.2026, 13:53
Қызылордада қатерлі ісікті жаңа аппаратпен емдейді
29.09.2026, 13:49
Радиациядан қорғану үшін бетон қабаты 1 метрге дейін қалыңдатылған
29.09.2026, 13:43
Қызылордада қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім азайған
29.09.2026, 13:41