Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салатын заң қабылданбақ
Бейне қолжетімді емес
Австралия билігі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салатын заң қабылдауға ниетті. Мұны премьер-министр Энтони Альбанезе мәлімдеді. Аталған заң жобасы жыл соңына дейін парламентке ұсынылады. Мақұлданса, құжат 12 ай ішінде күшіне енуі тиіс. Әлеуметтік желіні шектеу туралы заң күші 16 жасқа дейінгі балалардың барлығы үшін бірдей болмақ. Бұл тыйымға ата-ананың қандай да бір шешімі әсер ете алмайды.
Энтони Альбанезе, Австралия премьер-министрі:
Әлеуметтік желі балаларымызға зиянын тигізіп жатыр. Мен мұны тоқтатуға шақырамын. Мыңдаған ата-ана, ата-әже, аға, апамен сөйлестім. Олар да мен сияқты балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігіне алаңдайды. Австралиялық отбасыларға айтарым: үкімет сізді қолдайды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16