Тараздағы жылу құбырлары 35 жыл бойы ауыстырылмаған
Тараздың жылу желілерін жөндеуге 21 миллиард теңге керек. Өйткені қайта жаңғыртуды қажет ететін құбырлар 35 жылдан бері жөндеу көрмеген. Ал тозу деңгейі 60 пайыздан асады. Әкімдік қаржы аударылып қалар деп Үкіметке үміт артып отыр. Облыс орталығындағы М-3 магистральды құбырының 80% шіріген. Жарамдылық мерзімі 10 жыл бұрын өтіп кеткен. Құрылысына қажетті қаржы 2 миллиард теңгеден асады. Дегенмен билік өкілдері биыл қыстан қиналмай шығамыз деп отыр. Өйткені жылу берілгелі құбырларды 20 күн бойы бақылаған. Ақау анықталмағандықтан тұрғындар тоңбайды деп сендіріп отыр.
Нұрсұлтан Исабеков, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
Кезең-кезеңімен 63 пайыздың барлығын жоюға тырысамыз. Қазіргі таңда 3 жылдық жобамыз бар. Келесі жылға қолдау тапқаны қазіргі таңда 4.9 млрд теңге.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27