Шетелдік сарапшылар энергия үнемдеу тәсілін ұсынуда
Қазақстандағы ғимараттарды энергия тұрғысынан тиімді етіп жөндеуге болады. Оның тіпті бірнеше қадамы бар. Шетелдік сарапшылардың осындай ұсыныстары Астанада өтіп жатқан халықаралық энергия үнемдеу форумында айтылды. Жиында халықты энергия үнемдеу процестеріне тарту мен ақпарат тарату мәселелері талқыланды.
Елдос Абаканов, Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты басқарма төрағасының орынбасары:
Бізде талқыланғаннан кейін әр форумның қорытындысы бойынша үлкен резолюция дайындалады. Резолюция негізінде актуалды сұрақтар бойынша шешу жолдары есептеледі. Өйткені мұнда парламент өкілдері, депутаттар, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысып отыр.
Тило Кунц, «Dena» энергетикалық агенттігінің халықаралық құрылыс департаментінің директоры:
Қазіргі таңда құрылыс секторы әлемдік энергияның үштен бірін тұтынады. Сәйкесінше шығындардың үштен біріне жауапты. Ал Қазақстанда бұл сандар одан да көп болуы мүмкін. Сондықтан да бұл өте маңызды. Бүгін мен Қазақстандағы ғимараттарда энергия тұрғысынан тиімді жөндеу жұмыстарын енгізуге бағытталған жоба аясында өтетін панельдік сессияға қатысамын. Осы процесстегі маңызды 10 қадам ұсынамын.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05