Астанада тайып құлап, қол-аяғы мертіккендер көбейді
Елордада күн райы бұзылып, тұрғындарға қолайсыздық тудырып жатыр. Бүгін травматологиялық пункттерге көшеде жарақат алған 140-тан астам адам түсті, олардың 30-дайы бала. Бұдан бөлек қатты желдің салдарынан Астананың Алматы және Сарыарқа аудандарында жеке сектор тұрғындары жарықсыз қалды. Қазір электр қуатын толық беру жұмыстары жүріп жатыр. Халықаралық әуежайда да, ауа райына байланысты ұшып келетін және ұшып кететін 7 рейс кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы әуежай баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа сай Астанадан Дубай, Стамбул, Алматы, Саньяға ұшатын 4 рейс уақытында ұшқан жоқ. Жалпы бүгін Астанадан 80 рейс, ал елордаға өзге қалалардан және шет елдерден 82 рейс жоспарланған.
Ұшып кету:
• FZ1304 Астана — Дубай;• TK357 Астана — Ыстанбұл;• IQ353 Астана — Алматы;• DV479 Астана — Санья.
Ұшып келу:
• KC7316 Қызылорда — Астана;• IQ354 Алматы — Астана;• IQ353 Алматы — Астана.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03