Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жүздеген мигрант әкімшілік соттың есігін торуылдап отыр. Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары көші-қон заңын бұзғаны үшін шекарадан өткізілмей, әкімшілік сотқа жіберілген. Қазақстанға жұмыс іздеп келгендердің дені елде жүру тәртібін өрескел бұзғандар. Араларында бір ай емес, жеті жылдан бері уақытша тіркеуге тұрмай жұмыс істеп жүре бергендері де бар.
Енді олар елден аластатылады. Ал кейбіріне айыппұл салынады. Десе де мигранттардың дені заңда көрсетілген айыппұлды төлеуге шамасы жоғын айтады. Ал соттың небәрі үш-ақ судьясы ағылып жатқан шетелдіктердің ісін қарап үлгере алмауда. Мәселен өткен жылы аталған сотта 15 мыңнан аса іс қаралса, биыл он айдың өзінде қабылданған шешімдердің саны 18 мыңнан асып кеткен.
Берік Қайыпов - Сарыағаш ауданы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы:
Күні кеше 185 па іс қаралды. Қазір екі судьямыз, екеумізге тоқсан істен болды. Негізі нагрузка бойынша, ереже бойынша 80 іс айында қаралу керек. Әкімшілік істер 80 іс болу керек. Оны кейде асырып жібереміз.
Айнұр Ақбаева
