Көкшетауда су құбырлары мен кәріз жүйесінің 50 пайызға жуығы әбден тозған. Ескірген желілер жиі сыр береді. Сондықтан қаланы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның жұмысшылары апат болған жағдайда екі ауысымда күндіз-түні жұмыс істейді. Ел игілігі үшін бір сәтке де тыным таппайды. Бұл салада ондаған жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Жанат Бейісов қаладағы кәріз жүйесіне жауап береді. Ақау шықса, бірден жұмысқа кіріседі. Апат болған жерді қалпына келтіреді.
Жанат Бейісов, коммуналдық мекеменің аға шебері:
Бізде 27 кәріз сорғыш станциясы бар. Соның түгелін біз мониторить етіп, қарап жүреміз. Мысалы сорғы сынса, оны жоғары көтеріп, жөндеп, қайта саламыз. Жауапкершілік енді көп. Бізде мынау қаланың бүкіл үйлерін, больницаларын біз қабылдап аламыз. Соның түгелін жөндейміз.
Көкшетауды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған мекемеде қазір 350-ге жуық адам қызмет етеді. Энергетик Ермек Нұрсалықов халыққа ең қажетті жүйенің қалтқысыз жұмыс істеуін күндіз-түні қатаң бақылауда ұстайды. Оның бұл салада еңбек етіп жүргеніне отыз жылдан асқан. Тәжірибелі маман ондағы 80-ге жуық су сорғысы және кәріз станциясына тоқ көзінің ұдайы барып тұруын тексеріп отырады.
Ермек Нұрсалықов, коммуналдық мекеменің аға энергетигі:
Светсіз білесіз ғой, су да бармайды, канализация да өтпейді. Оны тексереміз. Қараймыз. Анализ жасаймыз. Потребление токов қанша, отоплениясын бәрін қараймыз. Моторы істей ме? Күйген жоқ па ? Қыза ма ?Отоплениясы бар ма? Соның бәрін тексереміз.
Ұмсындық Наурызбаева