Қазақстанда АЭС салу бойынша халықаралық консорциум құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ЭлектриСитэ де Франс» компаниясының бас директоры Люк Ремонмен кездесуде осылай деді. Тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады. Люк Ремон өз кезегінде «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясымен өзара тиімді серіктестікті жалғастыруға ниетті екенін растады.
Мемлекет басшысы Orano Эс А компаниясының президенті Николя Маспен де жүздесті. Кездесуде ғылыми-техникалық, сондай-ақ сирек кездесетін металл өндіру мен өңдеу саласындағы қазақ-француз стратегиялық серіктестігін нығайту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, Президент «Cима Cи жи эм» компаниясының президенті Родольф Саадты қабылдады. Тараптар көлік-логистика кешенін дамытуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы өңірлік штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан Сима Сижиэм компаниясымен ұзақмерзімді серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
Оңғар Алпысбайұлы