Сенат төрағасы: Объективті статистика тиімді шешім қабылдауға көмектеседі
Объективті статистика тиімді шешім қабылдауға көмектеседі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттармен бірге Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына барды. Цифрлық технологиялар арқылы статистикалық деректер қалыптастыру жұмысымен танысты. Сенат спикері өз сөзінде өзекті, ашық және сенімді статистикалық деректер ағымдағы жағдайды объективті бағалауға, сондай-ақ, стратегиялық бағдарламалар мен жобалар әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ашық және қолжетімді статистика қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырып, халықаралық ұйымдармен және инвесторлармен қарым-қатынастарды нығайтуға оң әсер ететініне назар аударды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Астана мен Алматыда зерттеуші кабинеттерінің ашылуы деректердің қолжетімділігін арттырудың озық үлгісі екені анық. Ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізуге қажетті аналитикалық база қалыптастыруға ықпал етеді. Талдау технологиялары мен Big Data-ны белсенді енгізу де осы саладағы маңызды қадам екенін атап өткен жөн. Бүгінде біздің алдымызда жасанды интеллект көмегімен деректерді жинау және өңдеу әдістерін дамыту міндеті тұр. Деректердің ашық, объективті, жедел және толық болуын қамтамасыз ету – мемлекеттік статистика жүйесінің алдында тұрған маңызды міндет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Щучинскіде «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық іс-шарасы басталды
22.06.2026, 10:20
Алматыда тұрғын үй маңындағы көлік тұрағы бақылауға алынды
22.06.2026, 10:18
Президент сайлауында Трампшыл кандидат жеңіске жетті
22.06.2026, 10:18
Ақш-Иран келіссөздерінің бірінші раунды аяқталды
22.06.2026, 10:17
Аптап ыстық еуропалықтарды әбігерге салды
22.06.2026, 10:15
Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, ғимараттардың шатыры қирады
22.06.2026, 10:14
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысын қабылдады
22.06.2026, 10:10
Футболдан Әлем чемпионатының екінші тур ойындары аяқталуға жақын
21.06.2026, 20:10