Атырау мұнай өңдеу зауытында ақау анықталды
Атырау мұнай өңдеу зауыты әлі толыққанды жұмыс істей алмай тұр. Себебі кәсіпорынның өзегі саналатын баяу кокстеу қондырғысында ақау бар. Нысан осыдан бір ай бұрын жөндеуге жабылған еді. Мердігер өндірістік қондырғылардың барлығын қалпына келтіріп, негізгі бөлігіндегі жұмыстарды аяқтамаған. Қазір зауыт тәулігіне 14 мың тонна мұнай өндіруде. Қараша айы басталғалы 43 мың тоннадан астам шикізат шығарған.
Рахметолла Қапанов, «АМӨЗ» ЖШС Департамент директоры:
Зауыттың іске қосылмай тұрғанының басты себебі реакторларда. Олар 40 жылдан бері пайдаланылып келеді. Сондықтан оны мұқият жөндеу қажет. Бұл жұмыстар бұрынғы мердігердің қолынан келмегендіктен материалдық базасы дұрыс жаңа компанияға тапсырдық. Қазір барлығы жан-жақты анықталып жатыр. Жұмыстардың нақты аяқталу уақыты белгісіз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16