Оралда бұралқы иттер 150-ге жуық қойды қырып кеткен
Оралда иесіз иттер 150-ге жуық қойды қырып кетті. Бұл жағдай осымен екінші рет қайталанып отыр. Екі апта бұрын қала іргесіндегі Зачаган кентінің тұрғыны Есенгелді Айтмұхамбетовтің қорада тұрған 86 бас ұсақ малын белгісіз жыртқыш тамақтап кеткен еді. Сол кезде әкімдік қасқырдан көрген болатын. Ал бұл жолы шаруаның қорасына ит шапқаны белгілі болды. Оқиға орнында полиция мен ветеринарлық станция өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зачаган кентінің әкімі демеушілер арқылы шаруаға шығынын өтеп, көмектесуге уәде берді.
Есенгелді Айтмұхамбетов, шаруа:
Менің мал бағушым бар. Ол маған таңғы 8-де хабарласты. Қорадағы қойларға ит шапқан. Екі итті ұстап қамап қойдым, дереу келіңіз деді. Мен келіп, дереу полиция мен әкімдік қызметкеріне хабарладым. Қазір олар жұмыс істеп жатыр. Бала-шағамды осы малмен асырап отыр едім, енді қайда барарымды білмеймін.
Ерлан Ищанов, қалалық ветеринария станциясының директоры:
Біз бұл екі итті 10 күнге карантинге қамаймыз. Қазір бізге иттерді атуға рұқсат бермейді. Біз итті улай алмаймыз, ата да алмаймыз. Енді бұл екі итке бақылау жасаймыз, егер құтырған ит болса, 10 күн ішінде өздері өліп қалады. Егер 10 күн ішінде өлмесе, біз бұларды жансыздандырамыз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22