Басты Жаңалықтар LRT пойызы операторларын оқытуға құжат қабылдау басталды

LRT пойызы операторларын оқытуға құжат қабылдау басталды

LRT пойызы операторларын оқытуға өтініш қабылдау басталды. Түйіндемені қоғамдық көлікке жауапты «City Transportation Systems» серіктестігі қабылдайды. Оқу мерзімі 1 жыл.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Темір жол көлігі саласындағы жоғары білім; Локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл немесе оның көмікшісі ретінде 5 жыл еңбек өтілі болуы шарт.

Айта кетейік, жеңіл рельсті көлік пилотсыз болады. Ол толық автоматтандырылған. Сондықтан LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері: ол жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын қадағалау; автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, жолаушыларды отырғызып түсіру тәртібін реттеу болып табылады.

Динара Жарқынбек

Бөлісу