Еліміздің бес өңірінде ауыл әкімдерінің форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бес өңірінде ауыл әкімдерінің форумы өтті

05.11.2024

Еліміздің бес өңірінде ауыл әкімдерінің форумы өтті. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған шара Ұлытау, Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл және Қызылорда облыстарын қамтыды. Жиында партияның жобалары аясында жиі қойылатын сауалдар талқыланып, оларды жүзеге асыру тетіктері түсіндірілді. Бұдан бөлек, әкімдердің есебі тыңдалды.

Тұрғындарды толғандырған түйткілді мәселелерді шешу жолдары айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың жаңа қадамдары талқыланып, форум қатысушыларына түрлі тренинг өткізілді. Алдағы күндері мұндай форум еліміздің өзге өңірлерінде де өткізу жоспарланған. Айта кетейік, ауыл әкімдерін сайлау 2021 жылы бері өткізіліп келеді. Содан бері 2 мың 500-ге жуық әкім сайланған. Бұл – барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы.

Ержан Жылқыбаев - «Amanat» партиясының хатшысы:

Көп әкімдеріміз жаңадан сайланған. Бұған дейін мемлекеттік қызметте істемеген әкімдер бар. Бизнестен, әлеуметтік саладан барғандар тағы бар. Әкімдер жергілікті жерде белсенді болуы керек. Кері байланысқа мықты болуы керек. Халықтың мәселесін жергілікті жерде шешуі керек.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу