Елордалықтардың саны 1,5 млн-нан асты
Астаналықтардың саны 1,5 млн-нан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл елордалықтар 72 мың адамға, яғни 5 пайызға көбейген. Ал 1997 жылдан бері қаланың халық саны 6 есе өсіп отыр. Алайда, тұрғындар саны артқан сайын су мен жарық мәселесінде проблемалар көбеюі мүмкін бе? Жол кептелісі қалай шешіледі? Қала әкімдігі жауап берді.
Гүлдана Әбіш, «Астана бас жоспар» ҒЗЖИ мамандандырылған шеберханасының бас маманы:
Былтыр газбен жылыту станциялары іске қосылды. Адам саны өскенімен су, жылу тапшылығы бойынша мәселе болмайды. Қорқатын ештеңе жоқ.
Әкімдіктің мәліметінше, қазір транспорттық жүйені дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленіп жатыр. Демек, алдағы уақытта қосымша автобус жолақтары қарастырылып, кептеліс азаюы мүмкін, дейді ведомство өкілі.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21