Ертең АҚШ 47-ші президентін сайлайды. Демократиялық партия вице президент Камала Харристі ұсынса, республикалық партия экс президент Дональд Трампты қайта билік басына әкелгісі келеді. Бірақ әзірге қай үміткердің жолы болары белгісіз. Көп сауалнама қандай да бір кандидаттың басымдығын көрсете алмай отыр. Сондықтан болжам айту қиын дейді сарапшылар. Мамандардың пікірінше, қос кандидаттың теңдей дауыс жинау ықтималдығы да жоқ емес. Дегенмен қазір 75 миллионнан астам америкалық алдын ала дауыс берген. Яғни дауыс беруге құқылы азаматтарың жартысына жуығы өз таңдауын жасап үлгерді деген сөз. Алдын ала дауыс бергендерің көбі демократиялық партияның жақтаушылары. Ал ел астанасы Вашингтонда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Кей жерлерге қоршаулар орнатылды. Себебі Ұлттық барлау қызметі сыртқы күштердің араласуымен төрт жыл бұрынғыдай сайлау қорытындысына байланысты жаппай наразылық акциялары өтуі мүмкін деп алаңдаулы. Айта кетейік, 2021 жылғы 6 қаңтарда Трамптың жақтастары сайлау нәтижесімен келіспей, АҚШ Капитолийін басып алған еді.
Жалғас Сәдібекұлы