Күн суытқалы бері шығыста өрт жиіледі
Шығыста күн суытқан бойда өрт жиіледі. Соңғы бір айда 49 рет өрт болып, салдарынан 2 адам көз жұмды. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке секторларды аралап, тұрғындарға сақтық шараларын түсіндіріп жатыр. Бүгінге дейін пеш жағатын 57 мың үйге барған. Арнайы рейд кезінде 16 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған жағдайларды анықтаған. Баспана иелеріне кемшілікті жою жөнінде ескерту берілді. Ал тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың үйіне түтін немесе ыстың иісі шыққан кезде дабыл беретін қондырғыларды орнатып жатыр.
Мадина Сейітқамза, облыстық ТЖД аға инженері:
Соңғы алты жылда Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті 16 мыңнан аса датчик орнатты. Жаңағы датчиктердің арқасында 42 адамның өмірі сақталды. Енді осыдан ары қарай датчиктардың пайдасы тиіп жатқанын көріп жатырмыз.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Артемида-2» миссиясы: Айды игерудің жаңа дәуірі басталды
12.04.2026, 20:13
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала мерт болды
12.04.2026, 20:11
Балабақшаны ваучерлік қаржыландыру тиімді ме?
12.04.2026, 20:00
Интернет алаяқтық: Кең тараған схемалар мен сақтану жолдары қандай?
12.04.2026, 19:57
АҚШ-Иран: Келіссөз келісімсіз аяқталды ма?
12.04.2026, 19:56
Президент Құрылтай сайлауының тамызда өтетінін хабарлады
12.04.2026, 19:54
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары: Қандай шешімдер қабылданды?
12.04.2026, 19:50
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23