Өскеменде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамға салынды
Шығыс Қазақстан облысында 39 жасында инсульттан қайтыс болған азаматтың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды. Марқұмның туған-туыстары дәрігерлердің ұсынысын қабыл алып, ағза алмастыру бойынша келісімін берген. Алты сағат операциядан кейін ішкі ағзалар санавиация арқылы Астанаға жеткізілген.
Нәтижесінде бір бүйрегі 9 жастағы қызға, екінші бүйрегі 58 жастағы азаматқа салынды. Ал жүрек пен өкпесі кезекте тұрған ауыр науқастарға трансплантацияға жарады. Мамандардың айтуынша, елімізде мәйіттің ағзаларын донор ретінде қолдану – әлі өзекті мәселе. Қазір елімізде ағза ауыстыру үшін 4080 науқас кезекте тұр. Тек Шығыс Қазақстанның өзінде 300 адам бар.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13