Басты Жаңалықтар Маңғыстауда жұмысшылардың жалақысына бөлінген қаржыны жымқырған компания басшысы ұсталды

Маңғыстауда жұмысшылардың жалақысына бөлінген қаржыны жымқырған компания басшысы ұсталды

Маңғыстауда жұмысшыларға бөлінген 321 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен сервистік компанияның басшысы ұсталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің аймақтық департаменті "Кезби" ЖШС нің атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" бөлген 321 млн теңгені қолды қылған, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарған деп айыпталып отыр. Тергеу жүріп жатыр.


Бөлісу