Басты Жаңалықтар Ұлытау облысында ЖЭО мен зауыттардан шығатын зиянды қалдықтар тексеріледі

Ұлытау облысында ЖЭО мен зауыттардан шығатын зиянды қалдықтар тексеріледі

Ұлытау облысында зауыт-фабрикалардан шығатын қалдықтарды автоматты түрде байқылайтын жүйе енгізілді. Мониторинг жұмысы Жезқазған жылу энерго орталығы және мыс зауыты секілді өңірдегі төрт кәсіпорында орнатылды. Сол арқылы қоршаған ортаға тарайтын қалдықтың қаншалықы зиянды екені анықталады. Жоба әзірге сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.

Әмірхан Тарғынов, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

Онлайн түрде шығарындылар мен төгінділердің нақты көлемдерін көруге болады. Егер шамадан тыс асып кетіп жатса, инспекторлық шаралар қолданылады.


Бөлісу