Елде Neo nomad визасы енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде Neo nomad визасы енгізілді

02.11.2024

Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристер үшін Neo Nomad визасы енгізілді. Ол бағдарламалау, маркетинг, қаржы, консалтинг, дизайн және электронды сауда сынды салаларда еңбек етіп жүрген азаматтарға арналған. Визаны алатындар Қазақстаннан тыс жерде тұрақты кірісінің бар екенін дәлелдеуі керек. Табысы айына 3 мың доллардан кем болмауы шарт. Сондай-ақ шетелдіктің медициналық сақтандыруы және сотталмағаны туралы анықтамасы болуы қажет.

Neo Nomad визасы оларға Қазақстанның мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік береді. Визаны жылына 500 адам алады деген болжам бар. Нәтижесінде экономикаға шамамен 3,6 млрд теңге түспек. Жаңа визалық режим әлемнің 50-ден аса елінде бар. Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін жүзеге асырылды.  


Хабарламаларға жазылу