Мемлекет басшысы Франция елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады. Мемлекет басшысы оны жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екі ел арасындағы қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келгенін айтты. Кездесуде Президенттің Франциядағы мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды. Президент бұл сапардың қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Францияға мемлекеттік сапармен барады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03