Шетел компаниялары елімізге $7 млрд инвестиция салмақ
Қазақстан шетелдік инвесторлармен жалпы құны 7 млрд доллар болатын 32 келісімге қол қойды. Оның ішінде минералды ресурстар, жаңартылған энергия, ауыл шаруашылығы және көлік саласындағы жобалар бар. Инвестицияның көбі Қытай, Германия, Қатар, Оңтүстік Корея елінен тартылған. Құжат жаһандық инвестициялық форумда бекіді. Оған 300-ден астам шетелдік инвестор қатысқан. Форумда сөз сөйлеген Премьер-министр инвесторлардың құқығын қорғауда бизнестің де мүддесі маңызды екенін ерекше атап өтті.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Ең маңызды басымдықтың бірі – отандық өнеркәсіпті дамыту. Отандық компаниялар ірі инвесторлармен жеткізу тізбегінде жұмыс істей отырып, тәжірибе жинап, сапа стандарттарын арттырады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27