Таразда мерзімі өткен медреагенттер анықталды
Таразда ЖИТС орталығындағы медициналық талдағыштардың мерзімі өтіп кеткен. Антикор мамандары қан құрамын анықтайтын қоспалардың 2 жыл бұрын ескіріп кеткенін анықтады. Алайда қолданыстағы препараттармен бірге қойма сөрелерінде сақталып келген. Аса қауіпті дертті анықтауға арналған реагенттердің жалпы саны 380 дана. Оларды мекеме басшылығы кезінде 68 млн теңгеге сатып алған. Бұдан бөлек бір ай бұрын мерзімі өткен 7 млн теңгенің қоспалары да бар. Ал талап бойынша медициналық тауарлар компанияға кері қайтарылуы тиіс. Осыған қатысты өз міндетін орындамаған орталық қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді. Қазір сот ісі жүріп жатыр.
Мұрат Қадірбеков, Жамбыл облыстық иммунды жұқтыру орталығының комплаенс офицері:
Бізде мерзімі өтіп кеткен реагенттер, наборлар ешқашан қолданылмайды. Өйткені ол бойынша дәрігерлер алдына барады. Лаборанттар алдына барады. Мерзімі өтіп кеткен пробирка сыртында да жазылып тұрады. Егер өтіп кеткен жағдайда тест нәтижесі дұрыс бермеуі мүмкін.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05