Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Әлем чемпионы атанды
Албанияда еркін күрестен өтіп жатқан жарыста қазақ палуаны Нұрқожа Қайпанов Әлем чемпионы атанды. 70 келіде өнер көрсеткен бозкілем шебері іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден 5:3 есебімен басым түсті. Осылайша ел қоржынына алтын медаль салды.
Айта кетейік, Нұрқожа дәл осы салмақта 5 жыл бұрын Астанада өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.
Нұрқожа Қайпанов, еркін күрестен Әлем чемпионы:
Бүгін жапон палуаны тактикалық деңгейде өзін өте жақсы көрсетті. Оған қарамастан жеңіс мен жақтан болды. Сол үшін баршаңыздың дұға-тілектеріңізге рахмет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18