Испанияда алапат тасқын құрбандарының саны 95-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда алапат тасқын құрбандарының саны 95-ке жетті

31.10.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады. Соңғы мәліметтерге сай, Испанияның шығысында толассыз нөсер жауыннан кейін болған су тасқынынан 95 адам қаза тапты.

Мұндай алапат тасқын елде 1973 жылдан бері болмаған. Табиғи апатқа байланысты үш күн қаралы деп жарияланды. Тасқыннан, әсіресе елдің Валенсия автономиялық қауымдастығы орасан зардап шеккен. Электр жарығы өшіп, жолдар жабылды, пойыз қозғалысы тоқтады. Ғимараттар, көпірлер қираған. Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Іздеу-құтқару жұмыстарына әскерилер, авиация мен дрондар тартылды. Тасқыннан зардап шеккендерге психологтар көмек көрсетіп жатыр. Еуропа Одағының өзге елдері де Испанияға қол ұшын созды. Сонымен бірге, елдің шығысында бүгін күн ашылғанымен, басқа бөліктерінде жаңбыр жауып, тасқын жүруі мүмкін екені ескертілді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу