Астанада іскер әйелдердің жаһандық кеңесі өтті
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы кәсіппен айналысуға ниетті қыз-келіншектерге несие бермек. Бұл туралы Қаржы институтының президенті Одиль Рено-Бассо іскер әйелдердің жаһандық кеңесінде мәлімдеді. Ал VEON холдингі ауылды елдімекендерді интернет желісімен қамтып, қыз-келіншектердің жаңа технологияны игеруіне ат салыспақ. Сонымен бірге шетелдік фармацевтикалық компания елдегі медициналық колледж студенттері мен мейірбикелердің біліктілігін арттыру үшін онлайн курстар ұйымдастыратын болған.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Бізде елде инвест климат бойынша жақсы заңды климат қалыптасқан. Мәселен біз Polpharma кездестік денсаулық сақтау саласында. Олар бізге инвестиция алып келіп, зауыт салып, дәрі-дәрмек шығарып жатыр. Бағасы төмен, сапасы жақсы, еуропалық стандартпен шығарып жатыр. Осы сияқты жеңілдіктер және кездесулерде салық кодексіне қатысты жеңілдіктер жасау тапсырмасы берілді.
Жанна Байдашева, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры:
Қытай, АҚШ секілді алпауыт елдер көбіне тау-кен, мұнай-газ саласына қаржы құяды. Ал Еуропалық компаниялар денсаулық сақтау саласына қызығушылық білдіреді. Біз қазір басқа елдерге тәуелді болмас үшін өзіміздің фармацевтика өндірісін дамытуға ден қойып жатырмыз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05