Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды. Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Бұл қаржы құйғысы келген инвесторлар үшін тартымды көрсеткіш. Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай, шетелден 150 млрд доллар тікелей инвестиция тартамыз деген өршіл міндет қойған. Ол үшін кәсіпкерлерге түрлі жеңілдіктер жасалып, мәселелерді жылдам шешетін шаралар қолға алынған. Нәтижесі де жаман емес. Қазірдің өзінде орталық Азияның нарығына кіру үшін елімізде ауқымды жобаны қолға алуға ниет білдірген инвесторлардың қатары көбейіп келеді.
Николай Подгузов, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы:
Соңғы 3 жылда біз ел аумағындағы жобаларға 3 млрд доллардан астам қаржы құйдық. Біздің банк инвестор ретінде құйған қаржысының 60 пайызын Қазақстанға бағыттап отыр. Жобалардың үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі. Қазір Орталық Азия елдерінде су мәселесі өзекті екені белгілі. Осы салада 2030 жылға дейін 5 млрд доллардың жобаларын қаржыландыруға дайынбыз.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32