Астанада сурдоаудармашылардың байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада сурдоаудармашылардың байқауы өтті

31.10.2024

«Тыныштық әлемінің жолсеріктері». Осындай атаумен Астанада сурдоаудармашылар арасында екінші республикалық байқау өтті. Ым тілі мамандарының кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шарада еліміздің 12 өңірінен келген қатысушылар бақ сынады. Барлығы аймақтық кезеңнің жеңімпазы. Оларды әділ-қазылар дұрыс аударма жасауына, жылдамдығына қарай бағалады.

Сайлаугүл Омарханова, «Қазақстан саңыраулар қоғамы» ҚБ президенті:

Осы іс-шараның негізгі мақсаты – осы құлағы естімейтін адамдардың өмірлерін жақсарту. Олардың білім алуына ықпал ету. Басқа да әлеуметтік жағынан көмек беру. Сурдоаудармашылардың кәсіптік деңгейін көтеру – бірінші мәселе. Адамдарға дұрыс ақпаратты жеткізе білсін деген мақсатпен осы конкурсты өткізіп жатырмыз.

Елімізде 700 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам болса, оның 16 мыңдайының есту және сөйлеу қабілеті нашар. «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің айтуынша, мұндай азаматтардың жартысынан көбі сурдоаудармашымен қамтылған. Олар білім алуға, жұмысқа орналасуға, медициналық және әлеуметтік қызмет алу кезінде көмектеседі.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу