«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениет қалыптастыра бастады
«Таза Қазақстан» акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізді. Биыл сәуірдің алтысында басталған тазалық шарасына тек Шығыс Қазақстан облысынан 300 мыңға жуық полигондарды реттеді. Одан соң тарихи ескерткіштер мен көпшілікке арналған саябақтар жиналды. Бұл жұмыстардың денін волонтерлық ұйым өкілдері мен студенттер атқарды. Бүгін Өскемендегі жастар ресурстық орталығының белсенділері қаладағы колледж және арнайы орта оқу орындары студенттеріне семинар өткізді. Жыл соңына дейін жалғасатын акцияның мақсатын түсіндіріп, алда атқарылатын жұмыстарды пысықтады.
Бақытжан Ерболқызы, Өскемен қалалық жастар ресурсы орталығының директоры:
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Өскемен қаласы бойынша 150 іс шара өтті. Қазіргі таңға дейін. Бұл тоқтап қалатын іс шара емес. Басында айттық қой, бір айлық іс шара болды деп. Одан кейін бұл жылдың соңына дейінгі іс шара болып қалыптасты. Мұны мен бір шетінен дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бізге экологиялық мәдениетті қалыптастыру керек.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да алаяққа алданған тұрғындар тергеудің баяу жүріп жатқанына наразы
30.10.2025, 20:30
Атырауда егеуқұйрық қаптады
30.10.2025, 20:30
Қазақстан мен Грузия Парламенттері Ынтымақтастық меморандумына қол қойды
30.10.2025, 20:30
Үкіметте инвестиция тарту мәселесі талқыланды
30.10.2025, 20:30
Президент Жолдауы: Ауыл әкімдері нәтижелі жұмыс істеп жатыр
30.10.2025, 20:30
Елде 549 мың студент ЖИ курсын тәмамдаған
30.10.2025, 20:30
Талдықорғанда «Eco Quiz» интеллектуалды ойыны өтті
30.10.2025, 20:30
Луврды тонады деген күдікпен тағы 5 адам ұсталды
30.10.2025, 20:22