Қызылордада 27 мың кәсіпкердің құқы қорғалды
Қызылорда қаласында салық органы 27 мыңнан аса кәсіпкерлік нысанды заңсыз тексермек болған. Алайда прокурорлық қадағалау барысында құзырлы мекеменің іс-әрекеті тоқтатылды.
Себебі ережеге сай шағын және орта бизнес субъектілеріне тек салықтық заң бұзушылыққа жол берген жағдайда ғана тексеру жүргізіледі. Бірақ салық органы сауда орындарында акциздік өнімдердің заңсыз айналымын анықтау мақсатында жоспарлы тексеру ұйымдастырып, лауазымды тұлғалар құзыреттілігін асыра пайдаланған. Прокуратура кірістер басқармасының негізсіз шығарған шешімін тоқтатып, 27 мың кәсіпкердің құқығын қорғады.
Ұзақбай Дәуқараев, қала прокурорының орынбасары:
Енгізілген қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен заңсыз шығарылған шешім негізінде жүргізілудегі тақырыптық тексеру тоқтатылып, қала аумағындағы 27 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектінің негізсіз тексерудің алдын алынды. Осы бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің тәртіптік жауапкершіліктері қаралды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27