Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейіп барады
Биыл жетінші қарашадан бастап Ресейге кіретін шетелдіктерге талап күшейеді. Жаңа заңға сәйкес дактилоскопиялық және геномдық тіркеуден өткізу көзделген. Сонымен қатар Ресейге кірген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркейтін бірыңғай жүйе енгізіледі. Онда заң бұзған шетелдіктердің деректері сақталады. Жалпы Ресейде еңбек мигранттарына талап қатаңдатылды. Жыл сайын 10 миллионға жуық шетелдік елде жұмыс істейтін, енді олардың саны 3 есе қысқаруы мүмкін дейді сарапшылар.
Владимир Евсеев, сарапшы:
Көптеген шетелдік еңбек мигранттары Ресей азаматтығын алғанын да ескеру керек. Жалпы бұл шаралар қауіпсіздікті күшейту мақсатында қолға алынды. Белгілі бір мемлекеттің жұмысшылары емес, жалпы елге келетін еңбек мигранттарына тексеріс қатты болмақ. Алдағы уақытта бұдан да күшейе түседі.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02